spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-2.7 C
Kokshetau

ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдады

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың ҚР Конституциясы мен ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға сай келетіндігін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекованың сәйкестігін анықтау мәселесі қаралды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Алтынбек Смағұлов Салтанат Тұрсынбекова кандидатурасының «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық ұйымы атынан ұсынылғанын еске салды.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдегендей, ҚР Конституциялық Заңының 54-бабына , 3-тармағына және 2-тармақшасына, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес ҚР Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова ҚР Конституциясы және ҚР сайлау туралы Конституциялық заңында қойылған талаптарға толық сәйкес келеді.

Сондай-ақ, аталған үміткердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне қатысты лингвистикалық комиссия шешімі шықты.

«Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы мемлекеттік тілді еркін меңгергені растап, бірауыздан шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img