spot_img
Дүйсенбі, Ақпан 16, 2026
-6.1 C
Kokshetau

Вьетнам президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты өз еліне сапармен келуге шақырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Вьетнамның вице-президенті Во Тхи Ань Суанмен кездесті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) жұмысына белсенді қатысқаны үшін Вьетнам тарапына алғыс айтып, екі ел арасындағы табысты ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Тхи Ань Суан өзара сауда-экономикалық іс-әрекеттің табысты дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан мен Вьетнам халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскенін, екі ел арасындағы әуе қатынасының ашылғанын айтты. Сондай-ақ сауда, туризм, аграрлық, көлік-логистикалық және қаржы салаларындағы байланыстарды күшейту үшін мол әлеует бар екеніне назар аударылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Президенті Нгуен Суан Фукке сәлем жолдады.

Өз кезегінде Во Тхи Ань Суан өз мемлекетінің басшылығы атынан Қазақстан Президентіне Вьетнамға сапармен келуге шақыруын тапсырды.

Фото: t.me/bort_01

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында конституциялық реформалар талқыланды

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп беру барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының бастамасымен елде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика