Қазақстанда 11 қазан күні сағат 18.00-де ел президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға бес кандидатты тіркеді:
• Қасым-Жомарт Тоқаев, қазіргі мемлекет басшысы.
• Нұрлан Әуесбаев, оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі.
• Мейрам Қажыкен, Amanat республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған.
• Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.
• Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен.
Тағы жеті президенттікке кандидат ОСК-ға құжаттарын тапсырды. Олардың құжаттары әлі қаралып жатыр.
• Жұматай Әлиев, «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігінен.
• Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағынан.
• Нұржан Әлтаев, «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінен.
• Салтанат Тұрсынбекова, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен.
• Хайрулла Ғабжалилов, «Асар» оралмандар қауымдастығы» ҚБ ұсынған.
• Бақыт Жаңабаев, «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігінен.
• Фатима Бизақова, «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігінен.
Жалпы, мемлекет басшылығына 12 адамның кандидатурасы ұсынылды.