spot_img
Дүйсенбі, Ақпан 16, 2026
-6.1 C
Kokshetau

Президенттікке кандидат Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгерген – ОСК

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Нұржан Әлтаев мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін президенттікке кандидат Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды. Нұржан Бауыржанұлы бірінші, жазба тапсырмады «Біртұтас Алаш идеясы» тақырыбын таңдады. Екінші ауызша, яғни оқу тапсырмасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзіндіні таңдады. Ал үшінші жұрт алдында сөйлеуге «Бабалар аманаты» тақырыбын таңдады. Барлық тапсырмалар бойынша Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев мемлекеттік тілді еркін меңгергенін дәлелдеді», – деді лингвистикалық комиссияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы.

Еске сала кетейік, ҚР Президенттігіне үміткер Нұржан Әлтаев 7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырған болатын

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында конституциялық реформалар талқыланды

2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп беру барысында облыс әкімі Марат Ахметжанов Мемлекет басшысының бастамасымен елде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика