spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы қуаныш пен сүйініш

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облыстың бірқатар өрт сөндіру бөлімдеріне 15 автокөліктің кілті табыс етілді. Заман талабына сай жаңа өрт сөндіру көліктерінің кілтін Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев салтанатты жағдайда ұсынды деп хабарлайды Aqmola_news.kz.

Мемлекет басшысының жүктеген негізгі міндеттерінің бірі азаматтарды өрт және басқа да төтенше жағдайларда қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Аталған міндеттердің орындалуы өрт сөндіру және құтқару қызметінің жедел бөлімдерінің техникалық жабдықталуына тікелей байланысты. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бұл тек қажетті мамандық қана емес барша жанның алғысына бөлейтін ауыр еңбек. Күн сайын өз өміріне қауіп төндірсе де басқа адамдарды құтқару үшін аянбайтын өрт сөндірушілердің ерлігі қашан да болсын құрметке лайық, – деп атап өтті Ермек Боранбайұлы.

Республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 15 бірлік текника пайдалануға берілді.Олардың 12-сі автоцистерналық көліктер, 2 жедел » УАЗ» автокөлігі, 1 жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігі. Облыс әкімінің кілт тапсыру рәсіміне аудан әкімдері, ТЖД бастығы азаматтық қорғаныс подполковнигі А. Советов, Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің бастығы азаматтық қорғаныс полковнигі Нұрлан Тасов және қонақтар қатысты.

«Көкшетау» мәдениет үйінде ел тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған мерекелік шара өткізілді. Оған облыс пен аудандардың мемлекеттік органдарының қызметкерлері, экономика, саясат, білім, мәдениет өкілдері мен кәсіпкерлер, жалпы зиялы қауым өкілдері қатысты. Көкшетау техникалық иниститутының құрметті қарауыл ротасы көк байрағымызды ықыласпен әкеліп, Қазақстан Республикасының ән
ұраны шырқалды. Осылайша ел тәуелсіздігінің 28 жылдығын тойлау мерекесі ашық деп жарияланды.
Облыс әкімі Ермек Маржықпаев арнайы құттықтау сөз сөйлеп тәуелсіздік мерекесіне арналған баяндама оқыды.

– Елімізде болып жатқан барлық оң өзгерістер – бұл тәуелсіз Қазақстан тарихының бір бөлігі. Барлығымыздың бірлескен қажырлы еңбегіміз бен ұйымшылдығымыз ғана, бізді жоғары жетістіктерге жеткізеді,- деді облыс әкімі Ермек Боранбайұлы.

Шара барысында облыс әкімі түрлі сала бойынша еңбек етіп келе жатқан жалпы 79 адамға марапат тапсырды.Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бірқатар полицейлер, мемлекеттік органдардың мамандары да тәуелсіздік мерекесіне орай облыс әкімінің алғыс хаттары мен грамоталарын иеленді. Оның ішінде 47 адам мелекеттік марапат, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік » алтын медалі қоғамдық марапатымен 3, құрмет грамотасымен 2, алғыс хатымен 1 адам марапатталды. Облыс әкімінің құрмет грамотасымен 10 адам, алғыс хатымен 12 адам марапатталса, «Жомарт жүрек» облыстық сыйақысы 3 адамға берілді. Ақмола облысының құрметті азаматы атағымен биыл 2 адам марапатталып, «Жомарт жүрек» сыйақысы табысталды. Құқық қорғау саласына айтарлықтай үлес қосқан подполковник Ботагөз Бижанованың қайтыс болғаннан кейінгі марапаты «Ерлігі үшін» медалі қызы Динара Мәкеноваға табысталды.
Шара соңы өңір өнерпаздарының гала концертіне ұласты.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img