spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысына 1500-ге жуық ресейлік келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ресей Федерациясын ішінара жұмылдыру туралы шешім қабылданған  сәттен бастап  Ақмола облысына 1436 ресейлік азамат келді. Тәулігіне 400-ге жуық адам.  Бұл туралы «көші-қон процестері жағдайындайындағы мемлекттік органдардың жұмысы туралы» брифингте айтылды.

«Ішкі істер органдарына жеке өтініш білдіру бойынша 351, виза/көш-қон порталдары арқылы 264, е-қонақ мобильді қосымшалары арқылы 821  азаматқа Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат берілген.  Жыл басынан бері Ресей Федерациясының 343 адамы  Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алды»,- деп толықтырды облыс әкімінің бірінші орынбасары Малғаждар Тәткеев.

Осы ретте Ақмола облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы азаматтарды  «көші-қон заңнамасының» талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

«ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы №148 қаулысымен бекітілген «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі мен онда болуы қағидаларының» 9-тармағына сәйкес шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар өздеріне келетін көшіп келушілер туралы Ішкі істер органдарын хабардар етуге міндетті екенін түсіндіреміз. Хабарлама шетелдік азамат келген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде міндетті түрде берілуі тиіс.  Көшіп келушінің келуі туралы ІІО уақтылы хабардар етпеген жағдайда, Қазақстанда қабылдаушы жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 518-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын ескертемін»,-деді Ақмола облысы полиция Департаментінің көші-қон қызметі жетекшісінің орынбасары Анна Попова.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Жасқайрат Еслямбековтың ақпараты бойынша, халыққа жылдам қызмет көрсету үшін операциялық залдағы жұмыс орындарының саны 12-ге дейін ұлғайтылды.

«Көкшетау қаласының ХҚКО-ларында кезектердің пайда болуына жол бермеу үшін, Әуезов көшесі, 289а мекен-жайы бойынша орналасқан Көкшетау қаласының № 1 бөлімінде ғана ЖСН қалыптастыру бойынша қызмет көрсету туралы шешім қабылданып, жеке электрондық кезек шығарылды. Бұл шаралар қала тұрғындары ХҚКО – да мемлекеттік қызметтерді кедергісіз алуы үшін қабылданып жатыр», – деді Ж.Еслямбеков.

26 қыркүйекте облыс бойынша 2371 қызмет көрсетілді, оның ішінде 508 қызмет ЖСН қалыптастыру бойынша. Бұл қызметтердің жалпы санының 20% құрайды. Спикер шетел азаматтарына ЖСН беру бойынша қызмет көрсету ІІМ органдарының құзырында екенін еске салды. Қызметті алу үшін тек төлқұжаттың  түпнұсқасы қажет. Қызмет тегін көрсетіледі.

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img