spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Көкшетауда этникааралық қақтығыстарды шешудегі этно медиацияның рөлі талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ-де «Қазақстандағы этномедиацияның негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы, Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Ақмола ҚХА медиация Кеңесінің кәсіби және қоғамдық медиаторлары қатысты.
Этникалық құндылықтарға, этносаралық қатынастарға байланысты жанжалдардың шешілуі қиын болып табылады және олардың пайда болу себебі кез-келген арандатушылық мәлімдемелер, әрекеттер, сондай-ақ тұрмыстық оқиғалар болуы мүмкін.
Дөңгелек үстелге қатысушылар этномедиацияның маңыздылығын және оның этносаралық қақтығыстарды шешудегі рөлін арттыру қажеттілігін талқылады.


Өйткені, этномедиатордың міндеті – жанжалға қатысушы топтың этникалық, мәдени, діни және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, тараптарды ымыраға келтіру.
Өз сөздерінде «Қоғамдық келісім» КММ талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Әділ Раев, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ауданаралық соттың төрайымы Дариға Оспанова, «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев, ҚХАА журналистер клубының төрайымы Светлана Ким, медиаторлар Айман Мусина мен Маржан Мырзаханова медиация институты барған сайын өзекті бола түсуде, оны этносаралық қатынастар саласына енгізу уақыт талабы және де бейбітшілік пен келісімді сақтауда, этносаралық дауларға, жанжалдарға жол бермеуде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен бұқаралық ақпарат құралдарына үлкен рөл беріледі, – деп атап өтті
Дөңгелек үстел соңында қоғамдық медиаторлар үшін оқыту мастер-кластарын өткізу, облыстық Достық үйі жанынан сенім телефонын құру туралы ұсыныстар айтылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img