spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 17, 2024
11.3 C
Kokshetau

ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару ұшқыштары «Көкшетау» тауындағы өртті жою кезінде 75 тонна су ағызды

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылдың 25 қыркүйегінде «Көкшетау» тауында өсімдіктердің тұтануын сөндіру барысында жедел сөндіру және өрттің таралуының алдын алу мақсатында ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды деп хабарайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Өртті сөндіру жұмыстары барысында Бурабай кентіндегі «Айнакөл» көлінен су тиеп, өрт ошақтарына әуеден 75 тонна су ағызылды.

Қазавиақұтқарудың тәжірибелі ұшқыштары өртті ауадан сөндіру кезінде барынша тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін отпен күресте шеберлік пен ептілік танытатынын атап өту қажет.

 

«Су ағызу кезінде ұшқыштар құрамы ағызу биіктігін қатаң бақылауы тиіс. Егер ағызу биіктігі жану орнынан тым жоғары болса, онда суды шашу кезінде ол буға айналып, тиімділігі төмендейді. Ал тым төмен биіктікті алған жағдайда, өсімдіктер және жердегі басқа да кедергілер су төгетін құрылғыға тиіп кетіп, кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан ұшу алдында ұшқыштар құрамы өрт болып жатқан жерді зерттейді және отпен күресудің тиімділігін арттыру үшін қажетті биіктікті дәлдеп есептейді», – деп атап өтті ТЖМ-ның баспасөз қызметі.

Су ағызу құрылғылары бар тікұшақты қолдана отырып өртті сөндіру үшін ұзындығы 27 метр ұзын арқанда ілініп тұрған су ағызу құрылғысының шайқалуын болдырмау мақсатында ұшқыштар құрамынан жақсы ұшу техникасы талап етіледі. Сонымен қатар, таулы жерлерде, ойлы-қырлы жерлерде желдің әсерінен су ағызу құрылғысы шайқалып, өрт орнына түсу дәлдігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан Қазавиақұтқарудың ұшқыштар құрамы әуе кемесін тербелуге жол бермейтіндей және тіпті желдің әсерінен судың өрт ошағына барынша түсуін қамтамасыз ететіндей етіп басқарады.

Фото: gov.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Ол су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img