spot_img
Жұма, Наурыз 20, 2026
7.2 C
Kokshetau

Ақмолада мамыр айында COVID-19 вирусына 16 мыңнан астам зерттеу жасалмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында коронавирус инфекциясына тұрғындарды тексеру және зерттеу жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Бекітілген тізімге сәйкес мамыр айында 16 847 зерттеу жүргізу жоспарланған, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлім етті.

Тізімге сәйкес мамыр айында жалпы саны 16 847 зерттеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығымен 6207,сондай-ақ «Олимп» орталығымен 479 зерттеулер жүргізілді. Тек өткен күні ғана полимеразалық тізбек реакциясы әдісімен 833 зерттеу жасалған. Атап айтқанда, Ұлттық сараптама орталығы 731, ал «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасында 102 зертханалық тексеріс жүргізілген. Сондай-ақ, «Олимп» зертханасында экспресс әдіс арқылы 1094 зерттеу жасалды, –  деді Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Салық реформасы мен цифрлы қызметтер: Қаржы министрлігі бизнеспен және халықпен диалогты күшейтіп келеді

Қазақстанның Қаржы министрлігі жаңа Салық кодексін енгізу мен басқару ісін цифрлы экожүйенің аясында дамыту бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика