spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-15.8 C
Kokshetau

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан Ақпараттық-насихаттық тобы Көкшетауда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан Ақпараттық-насихаттық тобы “Қазақстан Республикасына қызмет етемін!” атты республикалық турымен Көкшетау қаласына табан тіреді.

Топ жетекшілері жұмыс сапарын қан майданға қатысқан майдангер Казимир Беймартпен кездесуден бастады. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, полковник,  Қайрат Үмбетов пен Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Думан Таев бастаған топ Казимир Борисовичтің кездесіп  қайтты.

Көкшетау қаласында екінші дүниежүзілік соғысты көрген, көзі тірі бес ардагердің бірі Казимир Борисович биыл 16 қазанда 96 жасқа толады. Әлі де қуаты сарқылмаған ардагер құлағының нашар еститініне ғана шағымданды.

— Казимир Борисович! Бізге сыйлаған бейбіт күнге қосқан өлшеусіз үлесіңіз үшін көп рахмет! Сіздер салған сара жол, жауынгерлік жолды абыройлы жалғастыру — біздің парызымыз! Ашық аспан астында жасап жатқан бақытты ұрпақ Сіздерге мәңгі қарыздармыз. Болашағымыз соғыс көрмесін! Сізге болаттай берік денсаулық тілейміз! – деді Қайрат Жарылқасынұлы.

Құқықтық тәртіп әскерінің бас тәрбиешісі мен өңірдің бас полицейі Казимир Беймартқа Ішкі істер министрі және Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы атынан Алғыс хаттар мен сый-сияпаттарын табыс етті.

— Ерлік ешқашан ұмытылмауы керек. Өскелең ұрпақ сұм соғыстың салдарын тірі аңыздардың өз аузынан естісе, кеуделеріндегі сан марапаттың қан алысып, жан берісумен келгенін білсе, бүгінгі тыныштығымыздың қадірін терең түсінеді, – деп ойлаймын деді облыс сақшыларының басшысы Думан Ашкенұлы.

Ақпараттық-насихаттық топ аталмыш тур аясында Көкшетау қалалық Мәдениет үйінде 21-22 қыркүйек күндері Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің қатысуымен қала жұртшылығы мен күштік құрылым қызметкерлеріне арнап концерт берді.

Сондай-ақ, сапар барысында облыстық Полиция департаменті ауласында орналасқан қызмет бабында қаза болған сақшыларға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

 

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: «Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!» *...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img