16 қыркүйек күні жергілікті уақытпен сағат 16:00-де Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң жөнінен көмек көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы өкілдерден тегін қажетті кеңес ала алады. Олардың арасында – адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар.
Көкшетау қаласында акция Ақан Сері көшесі, 90, «Көкшетау» мәдениет сарайы мекен-жайы бойынша өтеді.
Келіңіздер, құқықтық көмекке мұқтаж жандардың барлығын күтеміз!
Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Zakon.kz» желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.