spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
24.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда тілдер күнінің аясында 13-15 жастағы өзге ұлт оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық байқауы өтті.

Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.

Іс-шара мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, өзге ұлт өкілдерінің оқушыларының қазақ тілі туралы білімдерін тереңдетуге, мемлекеттік тілде ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Байқауға Ақмола облысының 7 ауданы және Көкшетау қалаласынан барлығы 11 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Васильева Малика, Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №6 ЖОББМ, 7 сынып оқушысы;
1 орын – Козлова Карина, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылының №1 ЖОББМ, 9 сынып оқушысы
2 орын – Денежко Юлия, Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылының ЖОББМ, 9 оқушысы;
2 орын – Даравских Злата, Көкшетау қаласы №21 Мектеп-лицейінің
8 сынып оқушысы
2 орын – Савранов Жандәулет, Аршалы ауданы, Костомар ауылының НОББМ, 9 сынып оқушысы
3 орын – Байрамова Фатима, Атбасар қаласы №3 ЖОББМ, 8 сынып оқушысы;
3 орын – Ермолаева Ангелина, Сандықтау ауданы, Веселое ауылының ЖОББМ 10 сынып оқушысы
3 орын – Навроцкий Артем, Көкшетау қаласы, №21 мектеп-лицейі, 9 сынып оқушысы

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен, олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды. Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img