spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Тыл еңбеккері Сұлушаш Баймолдинаның өмірі ұрпаққа үлгі

Сондай-ақ...оқыңыз

Соғыс жылдарындағы елдегі еңбекті ерлікке балаған халқымыздың хас батыры Бауыржан Момышұлы: «Тылдағы еңбек болмаса, майданда жеңіс те болмас еді» деген екен. Зұлматты жылдарда қасірет кешпеген шаңырақ, қайғы жұтпаған адам жоқ.

Солардың бірі тыл еңбеккері Сұлушаш Нөгербекқызы Баймолдина. Ол 1914 жылы 6 мамырда Көкшетау облысы Зеренді ауданы Қарсақ ауылында дүниеге келген. Тым ерте ата-анасынан жетім қалып, туысқандарының бауырында өскендіктен болар, ол жастайынан қайсар мінезді, еңбекқор болған екен.

Сұлушаш Баймолдина азаматтар соғысқа аттанған соң, ауылда қалып еңбек еткен тыл жұмысшыларының қатарында болды.

Өгіздерге жегілген соқамен жер жыртып жүріп, мертіккен кезі де болған. Кейіннен трактор жүргізуді меңгеріп, егін салу-жинау науқанына белсенді қатысқан. Таңсәріден фермада сиыр сауып, күндіз қол шалғымен шөп шауып, түнімен майдандағы жауынгерлерге шұлық, қолғап тоқыған.

Соғыстың алғашқы күндері-ақ майданға аттанған ер азаматы – Құсайын сол бойы хабар-ошарсыз кеткен.

Қажырлы еңбегімен Ұлы Жеңіске өз үлесін қосқан тыл еңбеккері Сұлушаш Нөгербекқызы бір ұл, екі қыз тәрбиелеп, олардан немере-шөбере сүйіп, 1999 жылы өмірден озды.

Күнсұлу Меңдібайқызы

Көкшетау қаласы тарихи музейінің бөлім меңгерушісі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img