Облыс төңірегінде өткен жарты жылдықта 978 көлік апаты тіркелген болса, соңғы бір айда 1055 оқиға орын алған. Бұған себеп жүргізушілердің мас күйінде көлік тізгіндеуі. Ал, соңғы үш күнде 26 жағдай тіркелген. Облыстық полиция департаменті басшысының айтуынша, бұл сандар айтарлықтай қорқынышты және бұған бей-жай қарауға болмайды. Шілде айының 18-і мен тамыз айының 18-і аралығында бір айлық «Қауіпсіз жол» акциясы жүргізілді. Бір ай бойы жол үстінде рейд жүргізден тәртіп сақшылары: «оқиғалардың көбі көлікті мас күйінде жүргізгеннен», – дейді. Жыл басынан бері 2,5мың адам мас күйінде ұсталып, жауапқа тартылған. Айтпақшы, енді мас күйінде көлік айдағандар 5 жылға бас бостандығынан айырылады. Бұл әрине оқиға салдарына да байланысты. Жүргізуші екінші рет сау емес күйінде көлік тізгіндеген жағдайда құр айыппұлмен құтылып кете алмайды. Белгілі бір мерзімге міндетті түрде бас бостандығынан айырылады.
«Биыл мас күйінде көлік жүргізу фактілері 843-тен 2033-ке дейін өскен. 31 жүргізуші көлікті қайта мас күйінде басқарғаны үшін колонияларда жазасын өтеудің әртүрлі мерзімдеріне сотталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұсталғандар ішінен 2091 адам тиісті құжаттарсыз көлік жүргізген болса, 368 адам жүргізу куәлігінен айырылды. Апаттылы жағдайлар туралы айтар болсақ, биыл жол-көлік оқиғаларынан 359 адам жарақат алған, оның 117сі бала. Қайтыс болған адамдар саны 50»-, деп мәлімдеме облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция басқармасының бастығы Аслан Қызбикенов.
Шынымен де, жоғарыдағы сандар көңіл көншітпейді. Көлік тізгіндеп отырған әр адам өзінің де, өзгенің де өміріне жауапты екенін ұмытпағаны жөн. Жол-көлік ережелерін қатаң сақтап, заңға бағынуға шақырды спикер.
Камила Әбделманова