Ішкі істер министрлігі алдыңғы жылға қарағанда биыл Ресей азаматтарынан елімізге тұрақты қоныс аудару бойынша өтініштің екі есеге көп түскенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
2020 жылы елге қоныс аударушылардан 2610 өтініш түссе, 2021 жылы олардың саны 2853-ке жеткен. Биыл тиісті ведомствоға ресейліктерден 4566 өтініш келіп түскен.
Тұруға ықтиярхат немесе рұқсат алуға өтініш берген Ресей азаматтары көбінесе мына аймақтарды таңдауда:
- Қарағанды облысын – 9 877 адам;
- Алматы – 7 684;
- Шығыс Қазақстан – 7 415;
- Қостанай – 5 456;
- Солтүстік Қазақстан – 4 734.
2022 жылы 11 037 қазақстандық Ресейге тұрақты қоныс аударған. Осы кезеңде Қазақстанға 2 134 598 шетел азаматы жұмысқа, оқуға, емделуге немесе саяхаттау мақсатында келген. 2 529 424 шетел азаматы елден кеткен.
Еліміздің жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алуға көбінесе Өзбекстан азаматтары өтініш жасайды. Мысалы 2022 жылы ЖСН-ге берілген 198 806 91өтініштің 454-і өзбектерден, 74 37-і ресейліктерден, 7 896-ы Тәжікстан азаматтарынан, 4 470 өтініш қырғызстандықтардан, 1520 өтініш украиндардан болған.
Сәуір айында Ішкі істер министрлігінің вице-министрі Марат Қожаев ресейліктердің Қазақстанға белсенді түрде қоныс аудара бастағаны туралы мәлімдеген болатын. Алайда министр елге ең көп келетін өзбектер екенін де айтты. Ол кездегі статистикаға сәйкес Ресей азаматтары бұл көрсеткіш бойынша екінші орында тұрған.
Фото: stan.kz