spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Облыста жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Жаңа оқу жылында облыста 15 мыңға жуық бүлдіршін алғаш мектеп табылдырығын аттағалы жатыр. Ағымдағы жылы жалпыға міндетті білім беру қоры бойынша оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыруға және мектеп формасын, кеңсе тауарларын сатып алуға 2,6 млрд. теңге бөлінді. Бүгінгі күні облыс бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар саны 15877 оқушыны құрайды, оның ішінде 1261 оқушы 1-сынып оқушылары.

«Облыста 2022 жылдың 1 тамызы мен
30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол – Шекарасыз Жақсылық!»жалпы республикалық акциясы жүріп жатыр. Бүгінгі таңда әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 8969 оқушыға
306,3 млн.теңге сомада материалдық көмек көрсетілді», – деп мәлімдеді облыстық білім басқармасының басшысы, Бейбіт Жүсіпов.

 Маман тапшылығы әлі де  өзекті мәселе болып қала бермек. Облыстың бас педагогының мәліметіне сенсек, жалпы білім беретін мектептердегі қажеттілік 259 маманды құрайды.

«Білікті педагог кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу, оның ішінде мұғалімдерді ауылдық жерлерде бекіту үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен жоғары педагогикалық білім алу үшін мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу практикасы жалғасуда. Қазіргі уақытта облыс әкімінің гранты бойынша 400 адам оқиды, 2022 жылы 100 маман оқуын аяқтады, оларға облыс мектептеріне жолдама берілді. Бұдан басқа, жазғы кезеңде білім беру ұйымдарына 180 маман келді», – деп атап өтті спикер.

 Ағымдағы жылы облыстық бюджеті есебінен және «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 11 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұған облыстық және республикалық бюджеттен 1,6 млрд.теңге бөлінді.

«Күрделі жөндеуден өткен 11 мектептің
9-ы бойынша жұмыстар жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқталатын болады. Мердігерлердің шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамауына байланысты 2 мектеп бойынша жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталмауы мүмкін. Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін осы
2 мектепттің оқушылары үшін уақытша оқу орындары анықталды. Бұл мектептер бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын 2022 жылдың 15 қазанына дейін аяқтау жоспарланып отыр» – деді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов.

Білім мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселесі маңызды бағыттарының бірі. Бұл мәселе құқық қорғау органадары, ата-аналар мен қоғам белсенділерінің назарында. Облыста барлық 546 мектеп және 256 балабақша бейнебақылау жүйелерімен 100%-ға қамтамасыз етілген екен. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін қалаларда және аудан орталықтарында орналасқан барлық ұйымдарда дабыл түймелерін және турникеттерді орната отырып арнайы күзетке көшу жұмыстары тәмамдалады.

 

Камила Әбделманова

Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img