spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 18, 2026
16.6 C
Kokshetau

Ақмола облысында тамыз форумының панельдік секцияларының отырысы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Пленарлық отырыс аясында 16 тамызда жалпы білім беретін мектептер, мектепке дейінгі, бастауыш білім беру, жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер, дене шынықтыру және ғылыми-техникалық пәндер бойынша, инклюзивті, қосымша білім беру жүйесі директорларының панельдік секциялары өткізілді»-, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.

Панельдік секциялар аралас форматта өткізілді. Қатысушылардың жалпы саны 13000-нан астам адамды құрады (947-офлайн және 12748 форматта).

Секция жұмысы барысында келесі мәселелер қарастырылды:
– мектепке дейінгі, бастауыш, орта білім беру жүйесіндегі 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің негізгі бағыттары;
– білім берудің барлық деңгейлерінде білім беру процесін ұйымдастыру;
– кері байланысты ұйымдастыру және әртүрлі білім беру технологияларын қолдану;
– инклюзивті білім беруді интеграциялау мәселелері.

Секциялық жұмыстың қорытындысы бойынша педагогтердің ұсынылған тақырыптарға қызығушылығы байқалады деген қорытынды жасауға болады, өйткені оларда білім беру мазмұны мен дамуының теориялық және практикалық аспектілері көрініс табады.

Жалпы білім беретін мектептердің директорлары басқару қызметінің аспектілерін: инновацияларды, басқару нысандары мен әдістерін талқылады.

Педагогтердің тамыз форумын өткізу бойынша білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес а.ж. 25 тамызда «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбы бойынша пленарлық отырыс өтетін болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика