Ақмола облысының Біржан Сал ауданында дәстүрлі түрде өтетеін «Ақ Бидай» спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев аудан тұрғындары мен қонақтарын осы айтулы күнмен және таяуда болатын үлкен спорт мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде салауатты өмір салтын ұстанудың және спортпен айналысудың маңыздылығын атап өтіп, ақмолалықтардың спорттағы жетістіктері мен оның облыстың дамуындағы рөліне тоқталды.
«Биік шыңдарды бағындыру кішкентай жеңістерден басталады. Бүгінгі жетістіктеріңіз ірі жарыстардың кепілі болсын. Командаларға қызықты, тартысты, нәтижелі күрес, ал қазыларға әділ төрешілік тілеймін!»- деп атап өтті аймақ басшысы.
Ақмола облысында спор дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Әлем аренасында мықтылығын мойындата білген ақмолалық былғары қолғап шеберлерінің бірі-Теміртас Жүсіпов. Ол кубалық «Cuba Domadores» командасының былтырғы чемпионы, финалда (6-4) жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Теміртас Жүсіпов Йоанис Аргилагоспен маңызды жекпе-жекте де жеңіске жетті. Айтуынша, Ақмола облысында дарынды спортшылар көп және оларға жақсы қолдау көрсетіліп жатыр.
«Дәл осындай спортакиадалардың арқасында спортты бұқараға насихаттау жұмыстары дамып келеді. Мен өзім де осындай спартакиадалардың бірнеше дүркін қатысушысымын. Бұндай шаралар алдымен балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін оятады. Қазір үздік бола алатын спортшылардың буыны өсіп келеді. Бүгінгі жас ұрпақ бақытты. Оларға спортта дамуға, біліктілігін жетілдіруге барлық жағдайлар жасалған. Біз спортқа бет бұрған кезде әртүрлі проблемаларға тап болдық. Кейде жаттығу жасайтын жер табылмай қалатын. Қазір мұндай проблемалар жоқ. Түрлі үйірмелер, спорт кешендері, стадиондар ашылуда. Біздің облыста спортшыларға үлкен қолдау көрсетіледі. Үлкен қаражат бөлінеді»-,дейді бокстан әлем чемпионы, Теміртас Жусупов.
«Ақ бидай» облыстық жазғы спартакиадасына қатысушылардың дәстүрлі шеруі көрермендердің көңілінен шықты. Әр аймақтан келген топ жарған командалар таныстырылғаннан кейін футбол алаңының жасыл жамылғысында театрландырылған қойылым басталды. Қатысушылар мен қонақтар хореографиялық ансамбльдер мен жастардың, вокалистер мен спортшылардың өнерін тамашалады. 1000-нан астам ақмолалық сегіз спорт түрінен өз шеберліктерін көрсетеді: футбол, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, үстел теннисі, еркін күрес.
Камила Әбделманова
Фото: Айбек Даньяров