spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Көкшетау тұрғыны жасөспірімнің велосипедін ұрлап кеткен

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының полиция басқармасына қала тұрғынының белгісіз тұлғалар құны 70 000 теңге тұратын «BATL» маркалы велосипедін ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті. Егжей-тегжейлі сауалнамада бала екі доңғалақты көлікті дүкендердің бірінің тұрағында қалдырғаны белгілі болды.
Аталған фактіге сәйкес полицейлер ҚР ҚК 188 – бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады және бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Қылмыс жасалған ауданда орнатылған бейнекамераларда ұрлаған адам тіркелмегендіктен, жедел уәкілдер ауланы және пәтерлерді аралап, осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған адамдарды тексерді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 6 тамызда полицейлер Көкшетау қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтады. Ұсталған азаматтың полицейлерге айтуынша, кешкі уақытта ол дүкендердің бірінен өтіп бара жатып, дүкеннің жанында үш жасөспірімнің тоқтап, велосипедтерін құлыптамай тұраққа тастап кеткенін көрген. Мас күйінде және үйге тезірек жетуге бел буған ол шетінде тұрған велосипедті алып, жүріп кеткен.
Қазіргі уақытта бұл істі тергеу жалғасуда. Қала тұрғынынан ұрланған велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын тағы да ескертеді: сақ болыңыздар, велосипедіңізді қараусыз қалдырмаңыздар, әсіресе үйлердің подъездерінде немесе аулаларда. Тіпті домофонның болуы екі доңғалақты көліктің қаскүнемнің олжасына айналмайтындығына кепілдік бермейді.
Егер велосипедті қалдыру керек болса, оны бекіткен заттың беріктігіне көз жеткізіп, сенімді құлыппен бекіту керек. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары велосипедті «қолдан» сатып алмаңыз деп ескертеді, әсіресе арзан бағамен, өйткені ол ұрланған болуы әбден мүмкін.
Өз мүлкіңізді қорғаңыз.

ФОТО: © sochi-express

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img