spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
15.4 C
Kokshetau

Ақмолалық тұрғын автокөлік есігінің ақаулығы себебінен барсеткадан айырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны жүгінді. Ер жігіт көпқабатты үйдің ауласына қойылған «Ауди-80» маркалы көлігінен таңертең барсетканың ұрланғанын көрген, ішінде: құжаттары, банк карталары болған.
Полиция басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК 187-бабының 1-бөлігі «ұсақ ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын осындай қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 21 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Түнгі сағат екі шамасында жұмыстан оралған жәбірленуші көліктің артыңғы есігінің құлпының ақаулығын көріп, оны келесі күні жөндеуді шешкен. Сонымен қатар, ер адам байқаусызда барсетканы алдыңғы орындықта қалдырған.
Полиция қызметкерлері автокөлік салонынан ұрлықты болдырмау үшін сөмкелерді, құжаттарды, жабдықтарды, қылмыскерлердің назарын аударатын басқа да құнды заттарды қалдырмауға, барлық құнды заттарды өзімен бірге алып жүруге және дабылды қосуға кеңес береді.

 

Фото: obrazovaka.ru

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024 жүзеге асыру: МӘМС жүйесімен қосымша 1 млн-нан астам адам қамтылады

Мемлекет басшысының Жолдауын және өзге де тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика