spot_img
Жұма, Маусым 6, 2025
17 C
Kokshetau

Көкшетауда алғаш рет түлектерге халықаралық үлгідегі диплом табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Халықаралық диплом дүниежүзілік, республикалық, облыстық деңгейде жүлделі орындарға ие болып, ерекше дарындылығымен көзге түскен 60 түлекке табысталды.

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 60 жылдық мерейтойы қарсанында өткізіліп жатқан іс-шараның шымылдығын бірінші проректор Байтоқ Ғалым Сембекұлы ашты. Айтуынша, ЖОО-да 11 көптілді білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Яғни, оқуты жүйесінің жалпы санының 12% – ы ағылшын тілінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, университетте 13 елден 286 шетелдік студент оқиды. Білім ордасының осы сынды халықараалық деңдейдегі жетістіктері күн санап көбеюде.

Студенттер тарапынан университет белсендісі, «Жалын» республикалық телевизиялық байқауының «Ең үздік деректі фильм» аталымы бойынша бас жүлде иегері-Зейнелқабден Ұлан 4 жыл тәлім берген ұстаздарына алғыс айтып, қатарластарын өмірдің жаңа кезеңіне өту сәтімен құттықтады.

«Диплом табыстар алдында алған марапаттарым, жүлделерім мен жетістіктерім жіпке тізілді. Осының бәрінде университеттің, ұстаздар берген білімнің, тәжірибенің үлесі өлшеусіз. Осы ретте Университеттің ашық саясатын, студенттерді қолдауын атап өтпеске болмас. Біз білім ошағымызда өз ұсыныстарымызбен тайсалмай, проректордың, ректордың кабинетіне баратынбыз. Олар бізді әлбетте қолдайтын»-, дей отыра білім ошағының ерекшеліктерін айшықтап өтті болашақ жас маман.

Іш-шара университет басшылығының ән-шашуымен аяқталды.

Камила Абдельманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданында 1-ші тоқсанда бюджет кірісі 23 млрд теңгеден асты

Бурабай ауданында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның негізгі даму бағыттары туралы баяндалды. Аудан әкімі өнеркәсіп, агросектор, туризм және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика