spot_img
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
5.2 C
Kokshetau

Қопаның жағасын жайлаған домбыра үні

Сондай-ақ...оқыңыз

Қопа көлінің жағасындағы өткізілген ерекше музыкалық акция көкшетаулықтар үшін жағымды сыйлық болды. Бұндай іс-шара облыс орталығында алғаш рет өтуде.

Сондықтан болар, қызық көріп жиналғандар қарасы көп болды. Фестивальдің басты ерекшелігі оның қатысушылары тек музыканттар, домбырашылар немесе музыка мектептерінің оқушылары ғана емес, сонымен қатар ұлттық аспаптың құлағында ойнайтын кез-келген тұрғынның қатыса алуында.

Фестиваль бағдарламасында қазақ күйшілерінің халық сүйіп тыңдайтын белгілі шығармалары да орындалды.


Облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабектің айтуынша: «Домбыраға деген құрмет тек жыл он екі айдың біреуінде ғана емес, әр күнімізде біз домбыраны қатерлеуіміз керек. Қазақ пен домбыра егіз ұғым іспеттес. Әр қазақтың үйінде домбыра болуы керек. Домбыра өнерін жастар мен бүлдіршіндердің арасында насихаттау жұмыстары біздің аймақта қарқынды жүргізілуде».

Атап айтқандай-ақ, бүгінгі музыкалық композицияларды орындауға жас домбырашылар да келді. Қазіргі таңда, 600-ден астам бала 20 шығармашылық үйірмеде домбыра үйірмесіне қатысады. Сонымен қатар, 50-ге жуық бала ұлттық аспапты Бурабай және Зеренді аудандарындағы музыка мектептерінде меңгеруде. Сондықтан мұндай музыкалық фестиваль Көкшетауда дәстүрге айналмақ.

Камила Абдельманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: мемлекеттік қызметтердің көптеген түрі автоматтандырылды

Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысы жалғасып жатыр. Барлық медициналық ұйымда емделушілерді цифрлық сәйкестендіру жүйесі – «Цифрлық құжат»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика