Ауыл шаруашылығы облыс экономикасының серпінді және перспективалы секторларының бірі болып табылады.
Республиканың ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндірісіндегі облыстың үлесі өңірдің ғана емес, Астананың да қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, шамамен 10%-ды құрайды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Биыл біз ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабын 5,1 млн гектарға дейін жеткіздік. Бұл республикадағы ең үлкен астық сына. Жыл сайын біз ел астығының төрттен бір бөлігін өндіреміз, бұл ретте біз астыққа, тұқымға және азыққа деген ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етеміз. Жыл сайын 28 алыс және жақын шетелге 2 млн тоннадан астам астық экспортталады», – деп атап өтті Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ОКҚ брифингінде.
Өңірде астық өндірісінің техникалық жарақтандырылуына көңіл бөлінуде. Жылдың басынан облыстың агроқұрылымдарымен 727 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы: жалпы сомасы 21 млрд.теңгеге 174 бірлік трактор, 71 комбайн, 65 егіс кешені және 417 басқа да техника алынды.
Егіс науқанына барлығы 14,7 мың бірлік трактор, 16,4 мың астық сепкіш және 1,4 мыңнан астам бірлік жоғары өнімді егіс кешендері қатысты. Техниканың дайындығы 100% құрады.