spot_img
Сенбі, Тамыз 23, 2025
24.2 C
Kokshetau

Сегіз мыңнан астам көкшетаулық 50 мың теңгеден қаржылай көмек алды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Біз біргеміз» акциясы бойынша төтенше жағдай режиміне байланысты қиын жағдайға тап болған азаматтар қаржылай көмекке ие болуда. Бүгін Көкшетау қаласының 5075 азаматына да 50 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді, – деп хабарлайды «Aqmola news» «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 7 санат бойынша тізім жасақтаған.

Оған сәйкес қаржылай көмекті көп балалы тұрмысы төмен отбасылар, аз қамтылған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, жетімдер, кемтар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен аз қамтылған тыл еңбеккерлеріне берілді. Аталған тізімге Көкшетау қаласында тұратын барлық интернационалист жауынгерлер де кірді. Жалпы Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қоғамдық қоры арқылы 8 мың отбасыға 50 мың теңге банктегі есепшоттарына жіберілді, – деді филиалдың баспасөз қызметінен.

Қаржылай көмектің бірінші траншы бойынша сәуір айының ортасында – 2930, ал екінші кезеңде 5075 мұқтаж отбасыға ақшалай  жәрдем берілген.

Мұнымен қоса облыс бойынша 4 мыңнан астам ақмолалық мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика