spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

МҮМКІНДІКТЕРІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ  САУЫҚТЫРУ БАҒЫТЫНДА КӨКШЕТАУДА ҚАНДАЙ ОРТАЛЫҚТАР ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ?

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айна Мысырәлімованың бастамасымен ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қаладағы бірнеше қоғамдық бірлестік өкілдері үшін Көкшетаудағы денсаулық сақтау ұйымдарындағы балаларды сауықтыру мен емдеуге арналған орталықтарымен таныстырым туры ұйымдастырылды.

Нәтижесінде ата-аналар жаңадан ашылып жұмыс істеп жатқан бірнеше емдеу мекемесінің жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.

Мәселен, Көкшетауда жыл басынан облыстық көпбейінді аурухана жанынан ашылған «Қамқорлық» орталығы жұмыс істейді. Аталған мекеме орталық және перифериялық жүйке жүйесі мен туа біткен бас және жұлын ақауы бар балаларды сауықтыруға арналған. Соңғы үлгідегі медициналық құрылғылармен, заманауи сауықтыру жабдықтарымен қамтылған орталық бір мезетте 50 баланы қабылдай алады. Нәтижесінде мұнда 1 жылда 600 баланың сауығып шығуына мүмкіндік жасалған.

Сонымен қатар жақын арада «Сарыарқа» шағынауданында бой көтеріп жатқан «Viamedis» емханасы жанынан мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталығы іске қосылмақ.

Ата-аналар сондай-ақ, Көкшетауда ашылғалы отырған балалар психиатриялық бөлімшесіндегі жөндеу жұмыстарымен танысты. Аталмыш медициналық мекеменің облыс орталығында ашлыуын атаөаналар көпткен күткен болатын. Енді, міне, өтініштерінің орындалып жатқанына риза екендіктерін, тек жөндеу жұмыстары сапалы жүргізілуі үшін нысанның асықтырмай тапсырылуына да қарсы емес екендерін алға тартты. Айта кетейік, бұған дейін ата-аналар балаларын есепке қою және басқа да емдік шаралар үшін Зеренді ауданына қарасты Алексеевка ауылындағы емдеу мекемесіне апаратын. Бүгінде бұл мәселе түбегейлі шешілуде.

#AMANATпартиясы

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img