spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Көкшетауда Парламент депутаттары студенттермен референдум аясында кездесу өткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет және қоғам қайраткері,  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы және Ақмола облысынан сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекенов Нұрлан Жексенбайұлы Ақмола облысына қызметтік іс-сапармен келді.

Жұмыс сапары барысында сенаторлар Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетіне келіп, алдымен университеттің электронды кітапханасы және МООК орталығымен танысты.

Одан соң университеттің профессорлық-оқытушы құрамы және студенттерімен кездесті.

Жиында оқу ордамыздың басшысы Марат Қадірұлы модераторлық етті.

Кездесу барысында Бақытжан Тұрсынұлы мен Нұрлан Жексенбайұлы жуырда өтетін референдумның маңыздылығына тоқталып, Ата Заңымыз – Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды толыққанды түсіндірді.

«Бүгінгі іс-сапарымды Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінен бастап отырмын. Елімізде үлкен өзгерістер орын алып жатыр. Екінші Республика ұғымы қаңтардан басталып, Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстанды құру басталды. Осы негізде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үлкен өзгерістер енгізіп жатыр.

Біздің басты құндылығымыз – ол біздің егемендігіміз, жеріміз бен еліміз, одан соң тіліміз. Қазақ тілінің дамуына үлкен мән беруіміз керек. Басқа тілді білу керек, бірақ бірінші өз ана тілімізді құрметтеуіміз керек.

Келесі – отбасы құндылықтары. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, мәңгі ұмытпауымыз керек», – деді Бақытжан Жұмағұлов.

Сенаторлар егемен еліміздің болашағы бәрімізге тікелей байланысты егендігін атап өтіп, референдумға қатысудың маңыздылығын ашып айтты:

«Конституциялық реформа бұл саяси реформа ғана емес, қоғамымыздағы үлкен өзгеріс. ҚР Конституциясының 33 бабына өзгерістер енгізілуде. Бұл – 56 Заң, 22 пайыз деген сөз. Сондықтан баршаларыңызды Референдумға дауыс беруге шақырамын, бұл – адамзаттық борышымыз», – деді Нұрлан Бекенов.

Білім алушылар жеке ой-пікірлерімен бөлісіп, көкейдегі сауалдарына толыққанды жауап алды.

Жиын соңында университет ректоры сенаторларға алтын уақытын бөліп келгендері үшін алғыс білдіріп, жастарды референдумға қатысуға шақырды.

Кездесу жоғары деңгейде өтті.

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университетінің баспасөз хатшысы

Найзақұл Ясмина Аманжолқызы

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img