spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Төтенше жағдай режимі кезінде коммуналдық қызмет төлемдері кімдерге берілетіні белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Төтенше жағдай режимі кезінде коммуналдық төлемдерге бөлінетін 15 мың теңге сомасындағы қаражат 7 санат бойынша берілетін болады. Бұл туралы бүгін «ANTIКOR.LIVE» жобасы шеңберінде  «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығында әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы өткен сұхбат барысында мәлім болды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Сұхбатқа Ақмола облысының энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасыныңбасшысының орынбасары Тимур Хамзин мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Бексұлтанованың қатысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігімен  карантин уақытында коммуналдық қызметтер кімдерге тиесілі екені анықталған. Ереже бойынша карантин кезіндегі коммуналдық қызмет өтемақысы 7 санат бойынша берілмек. Атап айтқанда, 1-3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар,  мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, ҰОС мүгедектері мен ардагерлері және оларға теңестірілген тұлғалар, барынша төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқару кезінде қаза болған адамдардың отбасылары және атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар коммуналдық төлемдерді алатын болады, – деді Тимур Хамзин.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, қазір жумыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен арнайы тізім жасалған. Тізім аудандарға және коммуналдық кәсіпорындарға аудандық жұмыспен қамту бөлімдерімен берілді. Тізім келісілгеннен кейін колл-орталық жұмыс істейтін болады. Мамырдың басынан бастап аталған тізімге сәйкес өтінім беруге болады. Ол үшін тұрғындардың тұлғалық шоты, ЖСН нөмірі, тиісті санаты мен тұрғын үйдің иесі екенін растайтын құжаты  болуы тиіс.  Ал жалдамалы пәтерде тұратындар аталған коммуналдық төлемдерді ала алмайды.

Нұргүл Бексұлтанованың айтуынша коммуналдық қызмет ақысы бойынша жұмысты реттейтін мемлекеттік орган әзірге анықталмаған. Ол тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы болуы мүмкін.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img