spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
14.2 C
Kokshetau

«Ашықта» тек «жасыл» мәртебесін  пайдалану кезінде  барлық іс-шаралар шектеулерсіз өткізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ашықта» тек «жасыл» мәртебесін пайдалану кезінде барлық іс-шаралар шектеулерсіз өткізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының 21 қаңтардағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында ведомствоаралық комиссияда бизнес субъектілері үшін шектеулерді төмендету тәсілдері қаралды және мақұлданды. Сонымен бизнес объектілерінде «Ashyq» жобасын одан әрі енгізу жалғастырылады», – деп атап өтті ол.

Министр «жасыл» және «көк» мәртебесі бар келушілерді кіргізетін барлық аймақта, барлық объектілерде жұмыс уақыты бойынша шектеулер алып тасталатындығын айтты.

«Эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан, Ашықта тек «жасыл» мәртебесін пайдалану кезінде салтанатты, еске алу, спорт іс-шаралары, көрмелер, форумдар шектеулерсіз өткізіледі. Спорт кешендерінің, сауықтыру және діни объектілердің, ойын-сауық объектілерінің, сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда желілерінің қызметіне шектеу қойылмайды», – деді Ажар Ғиният.

https://www.inform.kz/kz/ashykta-tek-zhasyl-martebesin-paydalanu-kezinde-barlyk-is-sharalar-shekteulersiz-otkiziledi_a3890300

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау чемпиондарды қарсы алды: Қазақстан әлемдік турнирде 13 алтын медаль алды

Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер керемет нәтижелер көрсетті. Қазақстан құрамасы 13...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img