spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 25, 2025
22.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында бағыныстылардың пара алғаны үшін басшыларына жауапкершілік күшейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс әкімдігінде Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен селекторлық жиында бағыныштыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігі мәселесі қаралды, – деп хабарлайды “Aqmola news” облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Өңір басшысының айтуынша мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресте нақты басымдықтарды белгілеген. Елімізде жаңа заңмен қабылдануымен бірге жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталмақ. Алғаш рет заңнамалық деңгейде бағыныстылар үшін басшылардың жауапкершілігі бекітілген. Аталған норма Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша іске қосылған.

Аталған заңға сәйкес А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің барлық басшыларына тәртіптік жауапкершілік жүктеледі.

Облыс әкімі барлық мемлекеттік органдардың басшыларын әсіресе төтенше жағдай режимі кезінде тікелей жауапкершілік арқалайтыны жөнінде ескертті. Әсіресе, бюджет қаражатын мақсатты шығындау, еңбек ұжымдарында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, адалдық принциптерін енгізу сияқты мәселелер аталып өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жолдау-2024: Президенттің экспортты дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі тапсырмалары қалай орындалып жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында сауда саласын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика