spot_img
Жексенбі, Маусым 21, 2026
20.7 C
Kokshetau

Ақмолада облыстық онлайн асық турнирі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай оқушылар мен студенттер арасында «Бес асық» бойынша облыстық онлайн қашықтық турниру мәресіне жетті, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы Ақмола облысының білім басқармасы мәлім етті.

Жарыс қазақтың ұлттық асық ойынын насихаттау мақсатында онлайн түрде ұйымдастырылған. Асық турниріне облыс бойынша 18 құрама тіркелген.

Екі топта қашықтан өткен байқау қорытындысы бойынша 1 топта Есіл ауданынан Ғайни  Саркубенова бірінші орын иеленсе, екінші орынға Көкшетау қаласынан Нұрдәурен Бүленбай табан тіреген, үшінші орын Целиноград ауданының намысын қорғаған Қызғалдақ Амантай пен Шортанды ауданының Аружан Аманжолованың еншісіне бұйырды. Екінші топта Бурабай ауданының асық шебері Нұрай Кәдырбаеваның мерейі үстем болса, екінші орынға Зеренді ауданынан Көгершін Думан қол жеткізді, үшінші жүлделі орынды Бұланды ауданының өкілі Томирис Тәуекелова мен Ақкөл ауданынан Альбина Валиева бөлісті.

Сондай-ақ жоғары буында Біржан сал ауданының өкілі Гүлраушан Мұхамеджанова мен Сандықтау ауданынан Мағишат Рахметуллинова қарсыластарын қапы қалдырды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда.

Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика