spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
16.7 C
Kokshetau

Қосшы  полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс – шарасы басталды. Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларымен қатар, халықпен кең түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және облыс тұрғындарына жеке мүліктің қауіпсіздігі мен сақталуының қарапайым ережелерін еске салады,деп хабарлайды Aqmola News ,ақпарат берген полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері статистика бойынша пәтер ұрлығы – меншікке қарсы жиі жасалатын қылмыс екенін айтады.

Мысалы,Қосшы қаласының полиция бөліміне, 60 жастағы жергілікті тұрғыны жүгінді. Ер адам 2021 жылдың 21 желтоқсанында таңғы сағат 9-дан кешкі 19.00-ге дейін белгісіз біреулер пластикалық терезені қысу арқылы үйден екі алтын әйел сақинасын, ер адамның қол сағаты мен қара күзеннен жасалған бас киімді ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 110 мың теңгені құрады ,деп нақтылайды полиция департаменті.

Қылмысты «ізін суытпай» ашу мүмкін болмады, бірақ екі аптадан астам уақыт бойы полиция қызметкерлері қажетті іс-шаралар кешенін өткізді, нәтижесінде күдікті анықталды, ол 41 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Заттай дәлелдемелер алынды.

Ұрлық фактісі бойынша ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img