spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
12.9 C
Kokshetau

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: ақмолалық жас тарихшылар мен өлкетанушылар бас қосты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында мектеп оқушыларының қатысуымен онлайн форматта Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Жас тарихшылар мен өлкетанушылар» форумы өтті, деп хабарлайды Aqmola News облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушыларды туған елінің тарихын зерттеуге тарту, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін дамыту, сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы бойынша білімдерін кеңейту мақсатында өткізілген форумға облыстың 19 ауданы мен қаласынан 60-қа жуық оқушы қатысты.

Қатысушылар «Менің кіші Отанымның тарихы», «Кіші Отанымның символы« және «Менің туған өлкем« эссе байқауы сияқты үш жоба бойынша жобаларын таныстырды. Оқушыларды бағалау кезінде қазылар алқасының мүшелері тақырыптың толық ашылуына, идеяның бірегейлігіне, көркемдік шеберлігіне, техникалық және сапалы орындалуына назар аударды. «Форум өте танымды өтті. Барлық қатысушылар Туған өлке тарихы, өлкетану және археология бойынша қызықты жобаларды ұсынды. Осындай іс-шараға қатысуға мүмкіндік жасағаны үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіргім келеді», – деді Көкшетау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінің 11-ші сынып оқушысы Милана Подвительская.

Форум соңында осы бағыттағы жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданды. Байқау жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика