spot_img
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
1.7 C
Kokshetau

5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр мен қар түрінде жауын – шашын, солтүстікте-төмен бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Тек еліміздің шығыс өңірлерінде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі, еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде және шығысында жел күшейеді, деп жазады Қазгидромет.

Қостанай облысында күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының батысы мен солтүстігінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының таулы, тау бөктері аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында-жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстігі мен шығысында – тұман, Ақмола облысының батысында-көктайғақ күтіледі. Батыста және орталықта Қарағанды, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстігі мен батысында тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды

Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. 🟦Бұдан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика