Жұмыс сапары барысында облыс әкімі қаланың жолдарының жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл бұл мақсатқа бюджет қоржынынан 10 миллиард теңге бөлінген. Қаражатқа облыс орталығында жақында салынған шағын аудандармен байланыстыратын жаңа жолдар салу да жоспарланған, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол жөндеу кезінде асфальт төсеудің тиімді әдістері қолдануда. Жол жөндеушілердің айтуынша ол асфальтты-бетон жабынын қайта қолдануға мүмкіндік береді. Өңір басшысы Ғабдуллин көшесінде Центральный шағын ауданынан Сарыарқа шағын ауданына дейін құны 1 миллион 387 мың теңгеге бағаланған жолдың жөндеу жұмыстарына байқады. Сондай-ақ Васильков, Көктем, Сарыарқа шағын аудандарының арасындағы құны 749,986 миллион теңге бөлінген аралық жол да әкімнің назарына ілікті. Мұнда жұмыс аумағы абаттандырылып, жөндеуге қажетті құм-тас материалдары жеткізілген.
Облыс әкімі сонымен қатар Пушкин көшесіндегі Сүлейменов көшесіндегі көпірден Әуезов көшесіне дейін, Уәлиханов көшесіндегі жалпы сомасы 469 280 миллион теңге бөлінген жөндеу жұмыстарын да аралап көрді. Мұнда Буденный көшесінен Сүлейменов көшесіне дейін ескі жол төсемі қырып алынып, жаңа асфальт қабаты төселуде.
Жұмыс сапалы жүзеге асырылуда. Мен облыс орталығында осынша көп жолдарды жөндеуге мүмкіндік болғанына қуаныштымын. Назарбаев көшесін толықтай жаңартылып, Қопа көлін жағалай жаңадан жол салатын боламыз. Коронавирусқа байланысты қазіргі жағдайды ескере келе жаңа техника сатып алып, біз отандық өндіріс материалдарын қолдануда жұмысты жолға қойдық, – деді Ермек Маржықпаев.
Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін Қопа көлі жағасын бойлай Кенесары көшесінен қан орталығына одан әрі Сарыарқа шағын ауданына дейін жаңа көше салу жоспарланған. Жол қаланы қаланы көлден бөліп, көшелерден аққан су тазарту құрылыстары арқылы өтетін болады. Сонымен қатар жаңа көше бойында вело жол мен жаяулар жолдары, сонымен қатар жағажай аймағы құрылыстары салынбақ.