Елімізде коронавируспен ауырғандардың 95 пайызы екпе алмаған. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Республикада халықты коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салу жалғасуда. Бүгінгі күні 1-компонентпен егілуге тиісті халықтың 78,6, екінші компонентпен 74,4 пайызы егілді», – деді ол.
Министр міндетін атқарушы әлемде аурудың өсуін және Омикрон штамының кең таралуын ескере отырып, халықты вакцина салу қарқынын арттыру қажет. Егілетін халыққа вакцина салуды аяқтау керек.
«Вакцина салудың тиімділігі дәлелденген. Науқастардың 95 пайызы, өкпені желдету аппаратында жатқан науқастардың 96 пайызы – екпе алмаған адамдар. Отандастарымды вакцинация және ревакцинация алу туралы дұрыс шешім қабылдауға шақырамын», – деді Жандос Бүркітбаев.
https://www.coronavirus2020.kz/kz/kvi-men-auyrgandardyn-95-payyzy-ekpe-almagandar-zhandos-burkitbaev_a3878970