spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
27.2 C
Kokshetau

Көкшетауда ер адам оқтаулы тапаншалармен балалар ойын алаңында «ойнады»

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда балалар ойын алаңында екі тапаншаны бұлғаңдата кезенген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды «Aqmola news» Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Суық қаруды айналдыра кезенген ер адамды өтіп бара жатқан ұлттық гвардия сарбазы Василий Гунько байқап қалған.

Қызметке бара жатып балалардың алдында екі тапаншаны кезек лақтыра кезенген ересек жігітті көзім шалды. Кез-келген сәтте тұрғындарға қауіп төндіруі мүмкін екенін сезіп, дереу жетіп барып қаруды тапсыруын талап еттім. Ер адам қарсыласпай маған бірден тапаншаларды берді. Учаскелік полиция инспекторы келген соң біз оны полиция басқармасына жеткіздік. Бірақ азамат психологиялық ауытқушылыққа байланысты өзінің бұл әрекетін жөндеп түсіндіре алмады. Ал тексеріс барысында қарудың оқтаулы тұрғаны анықталды, – деді ұлттық гвардия сарбазы.

Ер адам Макаров пневматикалық тапаншасы және револьвермен қаруланғаны анықталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика