spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

Ақмолада дәрігерлерге арналған тұрғын үйдің құрылысы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс орталығында биыл дәрігерлерге арналған 40 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмек¸ – деп хабарлайды «Aqmola news».

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен облыс орталығын аралау кезінде мәлім болды.

Құрылыс салушы мердігерлердің айтуынша жақын арада облыс орталығында 260 пәтер пайдалануға берілмек. Оның ішінде құны 216 миллион теңгеге бағаланған 40 пәтерлі тұрғын үй ақ халатты абзал жандарға табыс етіледі.

Өткен аптада мен дәрігерлермен кездесіп осы үйдің құрылысын сәуірдің соңында бастаймыз деп уәде бергенмін. Көріп отырғандарыңыздай дәрігерлерге арналған 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталып кетті. Сапалы салу қажет. Үй тапсырылғаннан кейін біз осы бағыта жұмысты жалғастыру мүмкіндігін табуға тырысамыз. Дәрігерлерге үй салу қажеттілігі бар. Өкінішке орай бұл облыстағы дәрігерлер тапшылығының ең басты себептерінің бірі болып отыр, – деді Ермек Маржықпаев.

Дәрігерлерге алынған тұрғын үй құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика