spot_img
Сенбі, Қараша 7, 2026
2.2 C
Kokshetau

Ақмолалық кәсіпкерлерге карантин кезіндегі жүріп-тұруға рұқсат беру мәселесі онлайн түрде түсіндірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы базасында бас санитар дәрігер Айнагүл Мусинаның қатысуымен бейне конференция ұйымдастырылды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы жедел штаб қызметкерлері, аудандық филиалдардың және жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен өткен Бейнеконференция барысында бас санитар дәрігер кәсіпкерлердің сауалдарына онлайн түрде жауап берді.

Кәсіпкерлер карантин режимінде ауыл шаруашылық материалдарын, азық-түлік басқа да қажеттіліктерді жеткізу үшін қалай рұқсат алуға болатыны жөнінде сұрақтарын қойды.

Бейнеконференция кезінде кәсіпкерлер республикалық кәсіпкерлер палатасының жедел штабы, «Атамекен» ҰКП-ның 1432 колл-орталығы және бейнеконференцияның әлеуметтік желілері арқылы байланысқа шықты.

Карантин кезінде барлық көліктердің жүріп-тұруына шектеу қойылған. Дегенмен, қазіргі көктемгі егіс науқаны кезінде ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері мен кәсіпкерлер онлайн өтінім беру арқылы блок-бекеттерден өтуге рұқсат ала алады. Осы уақытқа дейін 15 мыңға жуық көліктер сергек базасына тіркелді, – деді бас санитар дәрігер Айнагүл Мусина.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметінше қазір ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерден күніне 200-ден астам сұрақтар қойылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІ ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫН ҚҰРУДА: 126 ЖАС АЗАМАТ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ СЕРІКТЕСІ АТАНАДЫ

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Петропавл қаласында өткен «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық жастар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика