spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Мемлекеттік аппарат жұмысының жаңа форматы кәсіби ұтқырлықты шыңдауға мүмкіндік берді

Сондай-ақ...оқыңыз

 

Бүгінгі таңда Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдары қызметшілерінің 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеуде,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметшілерді қашықтықтағы жұмысқа ауыстыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Ақмола облысында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Қызметкерлердің үйде кедергісіз және тиімді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әрбір қызметшіні қажетті ақпараттық жүйелерге қашықтықтан қосу үшін техникалық мүмкіндіктер қамтамасыз етілген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, қашықтықтан жұмыс істейтін қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу еңбек заңнамасымен реттеледі және толық көлемде жүзеге асырылатын болады.

Енгізілген төтенше жағдайда мемлекеттік қызметтерді онлайн түрінде электронды форматта алуға сұраныс көбейді. Қысқа мерзім ішінде egov.kz порталы арқылы электронды-цифрлық қолтаңбаны алу мүмкіндігі, Telegram-Bot арқылы жәрдемақы алуға өтінім рәсімдеу және басқа да қызметтер енгізілді.

Аталған өзгерістер ең алдымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен қатар бұл мемлекеттік аппарат жұмысының форматын өзгертуге, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби ұтқырлығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img