spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
8.4 C
Kokshetau

Көкшетауда «Арқаның Айбозы» атты дәстүрлі әншілердің І республикалық байқауы өтуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда, кешегі Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырайдың ізін басып жалғасы болған, бар ғұмырын қазақтың саф өнеріне арнаған дәстүрлі саңлақ әнші, жыршы, термеші, елінің ерке ұлы Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» атты дәстүрлі ән орындаушылар арасындағы І республикалық байқауы өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News»облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Байқау–Қазақстанның көптеген өңірлеріндегі ән өнерінің стильдері мен дәстүрлерін сақтау және жаңғырту алаңына айналды.

Аталмыш байқауға Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан барлығы 20 адам қатысты.
Дархан даланың төсінде дүбірлеп өткен дүлдүл әншінің құрметіне өткен «Арқаның Айбозы» дәстүрлі ән орындаушылар арасындағы І республикалық байқауында Стамғазиев Рамазан Өмірәліұлы-Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (қазылар алқасының төрағасы), Шүкіманов Еркін Тұрсынғалиұлы – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасының доценті, Мәкенова Бисара – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, Мұхамедияров Саян – «Мәдениет саласының үздігі», Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің директоры, Хасенов Сәрсенбай- Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының солисі, халық әндері тарихын зерттеуші және Қуаныш Оспан-ақын, «Қазақстан Жазушылар Одағының» мүшесі, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры қазылық етті.

Кәкімбек Салықовтың өзі «Мен көрдім Көкшетауда Қажыбайды, Ән салса таң атқанша қажымайды», – деп жыр арнаған. Жыл сайынғы фестивальге айналатын Қажыбай Жахин атындағы «Арқаның Айбозы» дәстүрлі ән орындаушылары арасындағы І республикалық байқау дәстүрлі ән өнерін бағалаушылар үшін маңызды іс-шаралардың бірі болады, өйткені дарынды әнші Қажыбай Жахиннің есімі, оның орындау мәнері мыңдаған тыңдаушылардың жүрегін жаулап алып, қазақ ән мәдениетін бағалаушылардың жадында қалды.

18 қараша күні сағат 18.30-да «Көкшетау» мәдениет сарайында конкурс лауреаттарына жүлделерді табыстай отырып, фестивальдің Гала-концерті өтеді.
Жеңімпаздарды байқаудың ақшалай сертификаттары мен дипломдары күтеді. Бас жүлде-автокөлік!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img