spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

18 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Солтүстікте, шығыста жаяу бұрқасын соғып, оңтүстікте көктайғақ, тұман болады. Тек Атырау облысында күн жауын-шашынсыз болады.

Түнде Түркістан облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 23-28, тау шатқалдарында 30 м/с және одан да жоғары болады. Күндіз елдің солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с жаяу бұрқасын болады, оңтүстікте тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында жел секундына 15-20 метр, батыс, солтүстік жартысында 23-28, кейде 30 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел соғып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ болады. Қарағанды облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с жел болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, түнде екпіні 23-28 м/с, түнде басым бөлігінде, күндіз оңтүстікте, Павлодар облысының орталығында желдің күші 15-20 м/с болып жаяу бұрқасын соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, түнде және таңертең оңтүстік батысында тұман, түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде және таңертең жаяу бұрқасын болады. Түнде Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, жел 18 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, солтүстігінде тұман түседі. Маңғыстау облысының батысы мен солтүстік шығысында көктайғақ, солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img