spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақмолада бес мәдени ошағы пайдалануға беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде 123 кітапхана, 7 музей және 107 клуб нысаны ашылған. Сондай-ақ тек соңғы үш жыл ішінде 3 миллиард теңге сомасына 85 мәдениет ошағына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Спикер брифинг барысында биылғы жылы облыста бес мәдени нысанның пайдалануға берілетінін жеткізді.

Атбасар ауданының Бастау ауылында, Жарқайың ауданының Тасөткел ауылында, Біржан сал ауданында сал-серілер музейі, Бурабай ауданының Бурабай ауылында кітапхана және Егіндікөл ауданының Ұзынкөл ауылында мәдениет нысандары құрылыстары салынып, жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеге 23 нысанға жөндеу жүргізілді,-деді басқарама басшысы брифингте.

Айгүл Сәбитова тек соңғы үш жылда облыс әкімінің қолдауымен 3 млрд.теңгеге 85 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

Айтулы мереке қарсаңында «Ұлы дала өрнектері» реэкспозициясынан кейін әдебиет және өнер музейінің жаңа экспозициялық залдары, облыстық тарихи-өлкетану музейінде қуғын-сүргін жылдарына арналған «Қаралы жылдар жарасы» залы өз жұмысын бастайды,-деді ол.

Еске сала кетсек, аймақта жыл бойы мәдениет мекемелері  ұйымдастырған ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 500-ден астам түрлі іс-шаралар өткізілді, оған 225 мың адам қатысты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img