spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысының қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері қаза болған әріпестерін еске алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінде құқық қорғау органының қызметкері, терроршыны ұстау кезінде қаза болған Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Aqmola News» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шара қызметтік парызын орындау кезінде қайтыс болған азаматтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою митингісімен басталды. Құқық қорғаушылар бір минут үнсіздікпен Ғази Байтасовты еске алды. Осыдан 10 жыл бұрын Жамбыл облысы полиция департаментінің полиция капитаны Тараз қаласындағы 2011 жылдың 12 қарашасында болған террорлық акт барысында қаза болған. Ол кезде небары 40 жаста болған.

 

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен оған қайтыс болғаннан кейін Халық Қаһарманы атағы берілген.

«Құқық қорғау саласында қызмет етіп, азаматтардың өмірі қорғау үшін өзін құрбан еткен қызметкерлер ішкі істер саласында есімдерін мәңгілікке алтын әріптермен жазып кетті. Біз бүгін сотталушылардың қолынан ажал құшқан ақмолалық қылмыстық атқару жүйесінің бұрынғы қызметкерлері Ковальчук Сергей Андреевич, Жемтыкбаев Серік Башанович, Голованчук Николай Вакулович, Василевская Ольга Валерьевналарды да еске алып отырмыз. Олар біздің жүрегімізде және ұрпақтар жүрегінде сақталып қалмақ», – дейді департамент басшысының орынбасары Мирхан Ахметжанов.

Бүгін облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің барлық жеке құрамы қызметтік міндетін орындау кезінде қаза болған әріптестерін құрметпен еске алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img