spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Көкшетауда Еркін Әуелбековке ескерткіш ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек ері – Еркін Әуелбековтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында еңселі ескерткіш ашылды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Есімі тұтас Қазақ елі үшін айырықша тұлғаның Көкшетауда ескерткішін ашу көптің көкейінде жүрген айтулы мәселе болған. Қылышынан қан тамған Кеңестер Одағы тұсында Еркін Әуелбеков Көкшетау, Қызылорда, Торғай облыстарын басқарып, іскерлігі мен батыл шешімдерінің арқасында тұтас халық үшін мақтан тұтар ардақты азаматқа айналған.

Ескерткіштің ашылу салтанатында облыс әкімі Ермек Маржықпаев, қоғам қайраткері Болат Жанәбілов және Еркін Әуелбеков атындағы қордың төрағасы Оразкен Нұртазиндер сөз сөйлеп, айтулы тұлға жайлы естеліктерімен бөлісті.

Қор төрағасы Көкше өңірінің тумасының ескерткішін орнату үшін Ақмола облысының қоғам белсенділері мен қатар көршілес Солтүстік Қазақстан, Торғай және Қызылорда облысының азаматтары кеңінен қолдау көрсеткенін атап өтті. Ескерткіштің толығымен халықтың жинаған қаражатымен салынғанын атап өткен жөн.

Мүсін авторы Тоқтар Ермеков.

Шара соңында айтулы тұлға жайлы халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, қайраткер тұлға жайлы тың мәліметтер жария етілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img