spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Республикалық оқушылар айтысында көкшетаулық Нұрғиса Елеш Бас жүлдені жеңіп алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Павлодар қаласында өткен республикалық ақындар айтысында Көкшетау қаласының намысын қорғаған Нұрғиса Елеш бас жүлдемен оралды. Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты ақындар айтысында жерлесіміз республиканың әр аймағынан келген ақындардың барлығынан басым түсті, -деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Республикалық оқушылар айтысын Павлодардағы Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясы басшылығы ұйымдастырды. Биыл бұл мектептің ашылғанына 60 жыл толуына орай, оқу орнында ауқымды шаралар өткізілуде.

Іс-шаралардың ішінде көрнекілігімен әрі маңыздылығымен ерекшеленетін бұл айтысты гимназия ұжымы Тәуелсіздік тойына тарту ретінде ұйымдастырды.

Жас ақындардың айтысы тартысты әрі қызықты өткізілді. Қазақтың төл өнерін жастар арасында насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылған дүбірлі додада еліміздің әр аймағынан келген 12 ақын өнер көрсетті.

Барлығы 6 жұп болып, ұлт ұстазының асыл мұрасы мен өскелең ұрпаққа қалдырған өнегесін жырлаған жас ақындар тартысты додада барын салды.

Көкшетаудың атынан сынға түскен Нұрғиса Елеш айтыс тақырыбын тұздық ете отырып, қарсыласының қағытпаларына қарымта жауапты тез әрі жүйелі қайтауымен ерекшеленді.

Көпшілікті сүйсінткен жас ақынға әділ қазылар да жоғары баға берді. Осылайша ол жас бас жүлдені иеленді.

I орынды Шығыс Қазақстан облысынан келген Рақат Тамаша алса, II орынға жамбылдық Айдарлы Алина лайық деп танылды. Ал үшінші орынды павлодарлық Шыңғыс Асығатұлы қанжығасына байлады.

Нұрғиса Елеш республикалық айтысқа осымен үшінші мәрте қатысып отыр. Үш жасынан бастап айтыс сахнасында аузы дуалы ақындармен сөз жарыстырып, үзеңгі қағыстырып келе жатқан жас ақын биыл алтыншы сыныпта оқиды.

Бұған дейін Қызылорда қаласында өткен республикалық айтыста бірінші орыннан көрінсе, Алматы қаласында өткен додада «Ең жас айтыскер ақын» номинациясына ие болды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img