spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жақсылық жасап жарыс: «Ақниет-Аршалы» қайырымдылық қоры мұқтаж жандарға қол ұшын созуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Аршалы ауданында «Ақниет-Аршалы»  қайырымдылық қоры жұмыс істейді. 2018 жылдың көктемінен өз жұмысын бастаған қор тарапынан көптеген мұқтаж жандар мейірім жылуына бөленіп келеді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Қордың атқарушы директоры Динара Есімнің айтуынша, қорды құрудағы мақсат аймақтағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға, әлеуметтік әлсіз топтарға және көп балалы отбасыларға көмектесу. Оларға азық-түлік, киім кешек және басқа да қажеттіліктерді жеткізіп беру.

Сонымен қатар қордың жаныннан «Аналар клубы» ашылған. Қордың басшысы Айгүл Болатова Рақымқызының жетекшілігімен көптеген қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып тұрады. Мүгедек баласы бар ата-аналар клубқа келіп, педиатр, психолог, логопед мамандарынан кеңес алып, ерекше қажеттілігі бар балаларды асырау барысында бір-бірімен тәжірбие алмасады. Кейде оларға демеушілер мен жеке тұлғалардан келіп түскен азық-түліктер мен киім-кешектер осы жерде таратылады,-дейді Динара Есім.

«Аналар клубына» балалар да, оларды бағып-қағып отырған ата-аналары да жиі келіп тұрады. Балалардың дамуына ықпалын тигізетін көңілді ойындар ұйымдастырылып, аналары өзара шүйіркелесіп шәй ішеді. Осылайша олар көңілді клубтарына келіп, ауыртпалықты бір сәтке ұмытып, мейірім шуағына бөленгендей күй кешеді.

Негізінен «Ақниет-Аршалы»  қайырымдылық қоры ауданның Жастар ресурстық орталығымен қайырымдылық шараларын бірлесіп атқарады.

Динара Есімнің айтуынша, қорға 30-ға жуық аналар келіп тұрады. Жалпы 25 шақты мүгедек баласы бар аналар мен 20 шақты қиын жағдайда ғұмыр кешіп жатқандар мен 25-ке жуық көп балалы аналарға көмек беріліп тұрады.

Біз 1-маусым балалар күні мерекесінде және қазан айының екінші демалысында атап өтілетін мүгедектер күнінде балаларға арналған ойын-сауық шараларын ұйымдастырамыз. Мейрамхана иелерімен келісіп, жаңа жылдық кештерді де жыл сайын ұйымдастыруға тырысамыз. Біздің бар тілегіміз қиын жағдайдағы мұқтаж жандарға қол ұшын созу. Әу бастағы қорды құрудағы мақсатымыз да осы болатын. Бұл үшін біз ешкімнен ақы алмаймыз,-дейді ол.

Жалпы, қордың жұмысын жандандыру мақсатында болашаққа арналған жоспар да жоқ емес.

Біз аудан әкімдігінен мұқтаж жандарға арналған әлеуметтік дүкен ашу үшін нысан сұрадық. Бұл мәселе болашақтың еншісінде. USAID Еуразия қоры бізге қолдау көрсетуде. Соның арқасында қайырымдылық жұмыстарын жүргізу курстарынан өтіп, біліктілігімізді арттырып алуға жол ашылды. Материалдық техникалық базамызды толықтыруға да септігін тигізді, -дейді Динара Есім.

Егер мұқтаж жандарға қолдау көрсететін, демеушілік жасауға ниетті тұлғалар болса, мына телефон номері  және әлеуметтік желі арқылы +7 701 771 223 байланысқа шығуға болатынын ескертеміз.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img