spot_img
Жұма, Маусым 6, 2025
26.2 C
Kokshetau

2022 жылғы 1 қаңтардан педофилдерге электрондық білезік тағылады

Сондай-ақ...оқыңыз
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педофилдерге электрондық білезік тағылады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.
«Пробациялық бақылауды дамыту үшін электрондық білезіктер енгізілуде. Биыл біз бұл жұмысты ілкі жоба ретінде бастаймыз. Бірінші кезекте 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап педофилдерге қатысты қолданылады», – деді Ерлан Тұрғымбаев.
Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы нақты іс-шаралар қабылданғанын айтты.
«Жемқорлықты жою үшін азаматтармен тікелей байланыс азайды. Көлік жүргізу куәлігін беру және емтихан қабылдау функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілді. Тіркеу-емтихан орталықтары жойылды. Полиция қызметкерлері көлік құралдарының криминалдық тарихын ғана тексереді. Қазақстанда 30 тәулікке дейін болатын шетел азаматтарын тіркеу тоқтатылды. Электрондық визалар енгізілді. Тікелей халықаралық әуежайларға кіру визаларын беру ұйымдастырылды», – деді министр.
Ерлан Тұрғымбаев көші-қон саласындағы кейбір қызмет Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне берілгенін атап өтті.
«Қала сыртындағы «Шеп» стационарлық бекеттерінің саны 36-дан 6-ға дейін қысқарды. Олар тек шекаралас аудандарда қалды. Жол қозғалысын қадағалау арнайы бақылау жүйелері арқылы байланыссыз әдіспен жүзеге асырылады. Барлық патрульдік қызметкерлер бейнетіркегішпен жабдықталған», – деді ол. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданында 1-ші тоқсанда бюджет кірісі 23 млрд теңгеден асты

Бурабай ауданында 2025 жылдың алғашқы бес айындағы ауданның негізгі даму бағыттары туралы баяндалды. Аудан әкімі өнеркәсіп, агросектор, туризм және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика