Бүгін Көкшетауда туристік-экологиялық өлкетану бағытындағы облыстық және республикалық іс-шаралардың жеңімпаздарын, жазғы археологиялық экспедициялардың қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық білім басқармасы жанындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы ұйымдастырған шараның мақсаты жеткіншектердің патриоттық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған.
Жасөспірімдерге туристік-экологиялық өлкетану қызметін насихаттау маңыздылығы артуда. Бұл дегеніміз өз аймағының табиғи байлығын, мәдениеті мен тарихын белсенді тануға бағыттайтын жеке тұлғаны жан-жақты дамытудың құралы, делінген хабарламасында.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесу экология, туризм және өлкетану бойынша соңғы ірі іс-шаралардың жеңімпаздарын марапаттауға арналған.
Бұл облыстық экологтар форумы, «Күзгі жапырақтар» туристер слеті және археологиялық экспедицияларға қатысушылар.
Барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орайластырылды.
Қатысушылар қатарында туристік-экологиялық іс-шаралардың облыстық және республикалық іс-шараларының жеңімпаздары, олардың жетекшілері, туризм, экология және өлкетану мәселелеріне жетекшілік ететін аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері бар.