spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

10 жасар қыз 70-тегі шалға тұрмысқа шықпақ: Ауғанстанда кедейлер қызын сатып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ауғанстанда кедейлер аштықтан аман қалу үшін қызын сата бастады, деп хабарлайды CNN.

Тоғыз жасар Парвана Малик отбасымен бірге Бадгис провинциясындағы жер аударылған адамдар лагерінде тұрады. Көп ұзамай ол 55 жастағы ер адамға қалыңдық ретінде сатылады. Қыздың отбасы бұрыннан бай-қуатты болмаған, алайда тәліптер (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) Ауғанстан билігіне келіп, экономика құлдыраған соң олардың жағдайы қиындай түскен. Абдул Малик 12 жастағы қызын да бірнеше ай бұрын сатып жіберген.

Ал қазір жанұяда олардан басқа сегіз адам бар. Бастапқыда ол әлі Парвананы саудалағысы келмепті. Сол үшін күндіз-түні сабылып жұмыс іздеп, туыстарынан қарызға ақша алған екен. Ал әйелі қайыршылық еткен. Жұмыс таппаған Абдул Малик қазір өзін ұяттан жерге кірердей сезінуде. Ал Парвана үшін берілетін ақша жанұяға бірнеше айға жетеді.

Бұл Ауғанстанда мұндай ауыр қадамға барып отырған жалғыз жанұя емес. Әсіресе, қыс жақындаған сайын елде «қыз саудасы» қызып жатыр.

Мәселен, Гор провинциясында тұратын 10 жастағы Магульдің де тағдыры Парванаға ұқсас. Оның жанұясы 2200 доллар қарызға алған, қазір әкесі түрмеге жабылу алдында тұр. Енді жанұясын аман алып қалу үшін Магуль 70 жастағы шалдың қалыңдығы атанбақ.

Айта кетейік, жақында БҰҰ миллиондаған ауған қыста аштыққа ұшырайтынын ескерткен еді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img