spot_img
Сейсенбі, Сәуір 15, 2025
7.1 C
Kokshetau

Ақмолада шұғыл көмек үшін 300-ге жуық жылыту пункті жұмыс істейді

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ақмола облысында қыс мезгілінде ықтимал төтенше жағдайлар кезінде 300-ге жуық жылыту пункті жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, қар басатын учаскелерге жақын маңда 193 тамақтану пункті, 268 жылыту пункті айқындалып отыр. Сонымен бірге, қыс мезгіліндегі ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында жеке құрамнан 370 адам және жол талғамайтын жоғары шассиі бар 76 автомобильді әзірленді. Олар төтенше жағдайлар болу мүмкіндігін барынша ескере отырып бөлімшелер бойынша бөлінген.

«Облыстың автожолдарында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін үш трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді, олар шұғыл жағдайларда жылыту пункттері ретінде пайдаланылуы мүмкін. Аудандар мен қалалардың әкімдіктері 642 қар жинау және инженерлік техника, ЖЖМ – 232,6 тонна, тайғаққа қарсы материал – 3939,5 тонна дайындады. Жалпы алғанда, бұл көрсеткіштер өткен жылғыға қарағанда сәл жоғары», – деді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметінен атап өткендей, боран мен қатты аяз кезінде облыс тұрғындарының кейбірі төтенше жағдайлар туралы ескертуге қарамастан, жолға шығып, қар құрсауына түсіп, өмірлерін қатерге тігеді.

Осы ретте, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін бірінші кезекте ауа-райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді үнемі қадағалап отыру қажеттігін ескертеді. Шұғыл қажет болмаған жағдайда елді мекеннен тыс жерлерге бармауға шақырады.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» телефон нөміріне хабарласуды сұрайды. .

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дені сау жастар – мықты ұлттың кепілі

Дене тәрбиесі мен спорт – ұлт денсаулығының тірегі. Ақмола облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі және кешенді түрде жүргізіліп келеді....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img